USD
USD
USD

Семейде кәмелет жасқа толмаған қызды зорлағаны үшін 15 жылға сотталған ер адам қашып кетпек болды

Семейде кәмелет жасқа толмаған қызды зорлағаны үшін 15 жылға сотталған ер адам қашып кетпек болған, деп хабарлайды ҚазТаг. 

Полиция
Фото: ҚазТАГ

Алматы, NEGE. «Кәмелетке толмаған баланы зорлағаны үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылған ер адам денсаулығының нашарлауына байланысты Семей қаласындағы облыстық ауруханаға жеткізілген. Сол жерде ол қашуға әрекеттенді, бірақ оны тәртіп сақшылары ұстады», - делінген дереккөз хабарлаған мәліметте.

Белгілі болғандай, сотталған азамат Қонаев қаласының тумасы. Оған қатысты қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабының 3-1-бөлігінің 1-тармағы (кәмелетке толмаған баланы зорлау) бойынша жүргізілген. 

Семейде кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адамның қашуға әрекеттену фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.

«Семей қаласында денсаулығының нашарлауына байланысты азаматтық медициналық мекемеге орналастырылған сотталушы қашуға әрекеттенген. Қолданылған жедел шаралардың нәтижесінде ол бірден ұсталды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, сонымен қатар қызметтік тергеу жүргізілуде», - деп хабарлады ведомствадан. 

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу