USD
USD
USD

Семейде газгольдер жарылып, өрт екі үйге жайылды

Семейдің Солтүстік ауданындағы Сосновая көшесінде орналасқан автожуу орнынан өрт шықты.

.
Фото: ТЖМ

Астана, NEGE. ТЖМ мәліметінше, өрт сөндірушілер жеткенше газгольдер жарылып кеткен. Жалын жүк көлігі мен екі жеке үйді де шарпыған.

Қазір өрт шарпыған аумақтың көлемі нақтыланып жатыр. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Өртті сөндіруге қосымша күш пен техника жұмылдырылды. Оқиға орнына су үздіксіз жеткізіліп, өрт сөндіру жұмыстарын үйлестіретін штаб құрылды.

Құтқарушылар өртті толық сөндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Астанада Павлодар облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

.

Бес күн де шыдамады: Ақ үйдің жаңа баспасөз хатшысы қызметінен кетпек

Трамп

«Министрдің құпиясына хатшысы арқылы қол жеткізу оңай»: Олжас Сәтиев кибертыңшылық туралы

Decaf

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.