USD
USD
USD

Семейде есірткі сатушылардан құны 20 млн теңге болатын «синтетика» тәркіленді

Семейде есірткі сатушылардан құны 20 млн теңге болатын «синтетика» тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Семей қаласында арнайы бөлімшенің күштік қолдауымен полицияның жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу нәтижесінде синтетикалық есірткінің ірі сатушыларының қызметі тоқтатылды.

Абай облысы полиция департаментінің қызметкерлері екі ұсталғанның тұрғынжайын тінту кезінде салмағы 500 грамнан асатын «мефедрон» психотроптық затын тауып, тәркіледі. Күдіктілердің қылмыстық бизнеске қатысы барын растайтын телефондар тәркіленді. Есірткі тұтынуға арналған 1500-ден астам бір реттік доза заңсыз айналымға жіберілмеді, олардың «қара» нарықтағы алдын ала құны 20 млн теңгеден астам сомаға бағаланады.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, оларға он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандағы шипажайлардың өзі емге мұқтаж – депутат

Екатерина Смолякова

Қазақстан халықаралық банктен 6 млрд доллар қарыз тартады: Жұманғарин «алаңдауға негіз жоқ» дейді

Халықаралық банктен қарыз тарту

Қазақстан су ресурстарын басқаруда жаңа тәсілдерді қалай енгізуде?

Су ресурстары

Мусин, Тукиев, Жатқанбаева: Тоқаев Конституциялық сот судьясы етіп кімдерді тағайындады?

Конституциялық сот судьялары