Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Семейде екі жұмысшы кәріз құдығына түсіп, есінен танып қалған

Семейде полицейлер төтенше жағдайдың алдын алды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Қаладағы ғимараттардың бірінің жанында ЖЭС-тің үш қызметкері кәріз құдығына түскен. Алайда екеуі есінен танып қалған.

Алғашқылардың бірі болып көмекке ҚР ІІМ мамандандырылған күзет қызметі басқармасының полицейлері — Аслан Какенов, Ерзат Баймулаев, Айгерім Мұхтарбекова және Тұрсынбек Айтқазы жетті. Аслан Какенов дереу саты әкеліп, жұмысшылардың бірін сыртқа шығуына жағдай жасады. Айгерім Мұхтарбекова жедел жәрдем шақырды.

Ал нағыз ерлікке Ерзат Баймулаев барды. Қауіпке қарамастан, өзін арқанмен байлап, кәрізге түсті. Жоғарыда әріптестері Какенов пен Айтқазы сақтық жасап тұрды. Бірлесе әрекет еткен олардың арқасында есінен танып қалған екі жұмысшы сыртқа шығарылды. Араға көп уақыт салмай дәрігерлер де жетіп, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Қазір олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Қазір оқып жатыр

Тойда уағыз айтып, басы дауға қалған ақсақалдың қызы Тоқаевқа үндеу жасады

қылмыстық іс

«Ресейден жеткізілген»: Алматыда жалған көлік нөмірлерін сатқан тұрғын ұсталды

жалған нөмірлер

ЕҮАК отырысында электрондық сауда туралы келісімге қол қойылды

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы

Алматыдағы «Байсат» базары аукционда 24,7 млрд теңгеге сатылды

Байсат