USD
USD
USD

Семейде арзан пәтер алмақ болған тұрғын ақшасынан айырылып қалды

Семейде арзан пәтер алып беремін деп 2,5 миллион теңгені заңсыз иемденген әйел ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Пәтер
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Семей қалалық полиция басқармасына 35 жастағы кәсіпкер арызданды. Оның айтуынша, таныс әйел арзан бағамен пәтер алып беремін деп уәде беріп, ірі көлемде ақша алып, байланысқа шықпай кеткен.

Тексеру барысында 2024 жылғы 24 қарашада Семейдің 41 жастағы тұрғыны жәбірленушіге тұрғын үйді тиімді бағада сатып алуға көмектесемін деп сендіріп, одан 2,5 миллион теңге алғаны анықталды.

Алайда ол уәдесін орындамай, ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған. Криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, оны полиция бөліміне жеткізді.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Біздің армия өткен ғасырда қалып қойған»: Тоқаев әскери реформаны он күнде әзірлеуді тапсырды

Ақорданың баспасөз қызметі

Каспийдегі қайғылы оқиға: қабылданған шешімдер хронологиясы

Қаза тапқан әскерилер

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Маңғыстау

Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Айдос Мырзахметов