USD
USD
USD

Семейде 66 жастағы тұрғын полицияның екі көлігін өртеп жіберген

Полицейлердің мәлімдеуінше, семейлік тұрғынның мұндай әрекетке баруына қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін әкімшілік хаттама толтырылғаны себеп болған.

Видеодан кадр/instagram.com/abai_department_police
Фото: Видеодан кадр/instagram.com/abai_department_police

Астана, NEGE. 25 қаңтарда «Юность» шағынауданындағы әкімшілік аумақты аралау барысында учаскелік полиция инспекторлары бұрын сотты болған, 66 жастағы жергілікті тұрғынды анықтаған. Полиция мәліметінше, ол алкогольдік мас күйде болған және қоғамдық тәртіпті бұзып, агрессивті мінез-құлық танытқан.

Ол учаскелік полиция пунктіне жеткізіліп, заңда белгіленген тәртіппен қоғамдық орында алкогольдік мас күйде жүргені үшін әкімшілік хаттама толтырылған. Құжаттар рәсімделгеннен кейін ер адам туыстарына тапсырылып, босатылған.

«Полиция қызметкерлерінің заңды әрекеттерімен келіспеген азамат кейіннен қасақана заңға қайшы әрекеттерге барып, учаскелік полиция инспекторларына тиесілі, учаскелік пункт маңында тұрған екі автокөлікті бензин құйып өртеген.

Өрт салдарынан көлік құралдарына ірі материалдық залал келтірілді», – деп мәлімдеді Абай облыстық полиция департаменті өкілдері.

Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол жасаған әрекетін толық мойындаған. Қазіргі уақытта оған қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі қаралуда.

Полицейлер тергеу қорытындысы бойынша оның әрекетіне заңнама талаптарына сәйкес құқықтық баға берілетінін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

12 адам қаза тапқан «Центр плова Loft» ісі бойынша үш адамға үкім шықты

жарылыс

Тіпті жақын туысыңызға да қарыз бермеген дұрыс – қаржы маманы

Әсел Әуелбекова

Қырғызстан билігі қазақ журналисінің стадион құны туралы мәліметіне жауап берді

Бішкек Арена

Қытайға кіру ережелері өзгереді: FlyArystan жолаушыларға үндеу жасады

Әуежай