USD
USD
USD

Семейде 6-сынып оқушысы соққыға жығылған мектеп директоры жұмыстан шығарылды

Семей қаласында 6-сынып оқушысын бірнеше жеткіншек соққыға жыққан оқиғадан кейін мектеп директоры қызметінен босатылды.

Семей
Фото: видео-скрин

Алматы, NEGE. Абай облыстық Білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, Семейдегі оқиғаға байланысты бірнеше мектептің басшылық құрамына тәртіптік жаза қолданылды.

№9 мектеп директоры қызметінен босатылып, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына қатаң сөгіс берілді. Сондай-ақ іске қатысы бар жеткіншектер оқитын басқа білім ордаларының басшылары да жауапқа тартылды.

«Семей қаласының №15 мектеп директоры мен Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицейі интернатының директоры сөгіс алды. Мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері мен мектеп психологтарына тәртіптік жаза қолданылды», - делінген ақпаратта.

Қазір оқып жатыр

Мәскеуден Алматыға бағыт алған SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонуға мәжбүр болды

SCAT шұғыл қонды

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы