USD
USD
USD

Семейде 26 рет жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды

Семей қаласында 26 рет жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Әкімшілік айыппұл салу туралы қаулылардың уақытылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Абай облысы аумағында полиция қызметкерлері "Борышкер" жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізуде.

 Іс-шара барысында "Қорғау" мобильді қосымшасын пайдалану арқылы жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылар анықталып жатыр. ЖПІШ-нің алғашқы күнінде облыс орталығында Toyota автокөлігі тоқтатылып, оны Семей қаласының тұрғыны басқарғаны анықталды.

Тексеру барысында жүргізушінің атына "Сергек" аппараттық-бағдарламалық кешенінің көмегімен автоматты түрде тіркелген 26 әкімшілік құқық бұзушылық бойынша төленбеген айыппұлдар бар екені белгілі болды. Жалпы айыппұл сомасы 500 мың теңгеден асты. Барлық құқық бұзушылықтар белгіленген жылдамдықты асыру және бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту деректері бойынша тіркелген, бұл жол қозғалысы қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіреді.

Осыған байланысты, құқықбұзушының автокөлігі қарызы толық өтелгенге дейін арнайы айып тұрағына қойылды.

Қазір оқып жатыр

2 млрд теңгеге қатысты іс: бұрынғы вице-министрлер мен бюро басшысы сотталды

Омаров

ҚазҰУ студентінің қазасы: министр не себепті пікір білдіруге тыйым салынғанын түсіндірді

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Құрылысшының қазасы: Алматы әуежайы үн қатты

Алматы әуежайы

Кәсіпкердің өліміне қатысты даулы іс: судья туралы мақалаға адвокат қарсы шықты

Қылмыстық іс