2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

«Семей орманының» өртенген қалың қарағайы аукцион сайтында сатылып жатыр

Хабарландыру мемлекеттік аукцион сайтында пайда болды. 

Өрт
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Аукцион сайтында бірден 30 лот жарияланды. Өртенген ағаш учаскелерінің бағасы 30 млн теңгеден 150 млн теңгеге дейін барады. Сатушы – Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Семей орманы” мемлекеттік орман табиғи резерваты.

Аукционға қатысып, орманды игеруге міндеттелетіндерге қойылатын талап құжаттары қоса жарияланған. Төтенше жағдайдың салдарын жою үшін ағаштар (өздері ұтып алған учаскеде) түп тамырымен әкетілуі тиіс. 

Орман ағаштарына бағалаушы компания 7 санатқа бөліп баға белгілеген. Жай ағаштың текше метрі 11 мың теңгеден басталса, кесілмеген, құрғақ, ұзындығы 2-6,5 метрлік ағаштардың текше метрі 47,9 мың теңгеге дейін барады. Сатып алушы технологиялық картаға сәйкес, “Франко-кәсіпорын” тәртібіне сай (сатушы сатып алушыға жеткізуі керек) ағаштарды сатып алады.

2023 жылы 8 маусымда “Семей орманы” резерваты аумағында өрт тұтанған еді. 9 маусым күні кешке қарай оның аумағы 60 мың гектарға дейін ұлғайып үлгерді. Өртпен арпалысып жүріп 14 адам қаза тапты. Қаралы қайғыға байланысты 12 маусым елімізде Аза тұту күні болып жарияланды.

Қазір оқып жатыр

Каспий теңізінде қаза болған үш сарбаздың денесі Оралға жеткізілді

Каспий теңізінде қаза болған сарбаздар

Маңғыстаудағы төтенше жағдай: Үкіметтік комиссия отырысында не айтылды?

Үкіметтік комиссия отырысы

Қаза болған әскери қызметшілерге көңіл айту жеделхаттары келіп жатыр

Сарбаздарды іздеуге шыққан кемелер

Каспийдегі оқу-жаттығудан кейін аман қалып, ауруханаға түскен сарбаздың жағдайы белгілі болды

Ақжол Темірәлиев