USD
USD
USD

«Семей орманындағы» өрт: Кінәлілерге сот үкімі шықты

Абай аудандық соты 2023 жылдың жазында өңірде болған ірі орман өртіне қатысты қылмыстық іс бойынша шешім шығарды.

Семей орманы
Фото: ТЖМ

Алматы, NEGE. Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот орман өрті кезінде «Семей орманы» қорығы мен Жаңа Шүлбі бөлімшесінде басшылық қызметтерді атқарған В. мен К.- ның өрт сөндіруді ұйымдастыру бойынша өз міндеттерін орындамағанын анықтады. 14 адамның өліміне әкеп соқтырған өртті сөндіру кезінде қауіпсіздік шаралары сақталмаған.

Айыпталушылардың кінәсі куәлардың айғақтарымен, жүргізілген сараптамалармен, оқиға болған жерді қарау хаттамаларымен, заттай дәлелдемелерді алу хаттамаларымен толық дәлелденді.

Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін екі қызметкер 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

– Қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігінің санкциясында 3 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген. Сот екі сотталушының кішкентай балаларының болуы және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығы түріндегі жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, В. мен К.-ны кінәлі деп танып, әрқайсысын 7 жылдан бас бостандығынан айырды, – делінген сот хабарламасында. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек