USD
USD
USD

Семей қаласында ер адамдар балалардың көзінше арыстандарға тас лақтырған

Семей қаласындағы балалар биологиялық орталығында бір топ ер адам тордағы арыстандарға тас лақтырып, жануарлардың назарын аударуға тырысқан. Оқиға бейнежазбаға түсіп, әлеуметтік желіде тарады.

Семей
Фото: видео-скрин

Астана, NEGE. Биологиялық орталықтың мәліметінше, мұндай жағдайлар соңғы уақытта жиілеп кеткен. Келушілер, соның ішінде ересектер де, жануарларға тас, таяқ және басқа да заттар лақтыратын көрінеді. Мекеме бұл әрекетті жануарларға жасалған қатыгездік деп бағалап, «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң талаптарын еске салды.

«Биологиялық орталықтағы жануарлар – ойын-сауық нысаны емес, олар да ауырсынуды, қорқынышты және стрессті сезінетін тірі жан. Олар қашып кете алмайды және қорғана алмайды», – делінген хабарламада.

Мекеме әсіресе балалардың мұндай әрекетті қайталауы алаңдатарлық жағдай екенін атап өтті.

Абай облысы полиция департаменті бұл факті бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады. Қазіргі уақытта бейнебақылау камераларының жазбалары қаралып, ықтимал куәгерлерден жауап алынуда.

«Күдікті тұлғалар анықталғаннан кейін олардың әрекеттеріне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес құқықтық баға беріліп, тиісті процессуалдық шешімдер қабылданады», – делінген полиция хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

Саясатқа бет бұрған Айжан Аймағанова жұмыстан кеткенін мәлімдеді

.

Зейнетақы жинағына берілетін мемлекеттік кепілдік неге алынып тасталуы мүмкін?

.

Қазақстан Сингапурдың зейнетақы моделіне көше ме?

зейнетақы

Джеки Чан Қазақстанда «Құдайдың сауыты: Ультиматум» фильмінің түсірілімін бастады

.