USD
USD
USD

«Семей» футзалдан 2025 жылғы Қазақстан кубогының иегері атанды

Қазақстан кубогы 1996 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Футзал
Фото: Қазақстан футзал қауымдастығы

Алматы, NEGE. Семейлік клуб финалда алматылық «Қайрат» командасымен шеберлік байқасқан еді. Ойын барысында олардың белсенділігі байқалды. Олардың қатарынан Кайо Торрес 3, 19, Дедезиньо 16, Кандидо 22, Дәрібай 36-минутта мергендік танытса, оған алматылық клубтан Денер 24-минутта бір голмен жауап қайырды.

Осылайша «Семей» қарсыласынан 5:1 есебімен басым түсіп, өз тарихында алғаш рет Қазақстан кубогына ие болды.

2024 жылы екі команда Қазақстан кубогы финалында шеберлік байқасқан еді. Ол жолы алматылық клуб жеңіс тұғырына көтеріліп, аталған қарсыласынан 5:3 есебімен басым түсті.

Айта кетсек, жартылай финалда «Қайрат» Рудныйдың «Аят» командасын 3:0, «Семей» «Ақтөбені» 5:2 есебімен жеңген еді.

Қазақстан кубогы 1996 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Содан бері «Қайрат» он тоғыз мәрте кубокты төбесіне көтерсе, олардан басқа қарағандылық «Тұлпар», ақтаулық «Мұнайшы», «Ақтөбе» және өзге клубтар жеңімпаз болды.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Мұнай

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

.

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

Дамир Ташкараев

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?

.