USD
USD
USD

Семейліктер жылусыз қалуы мүмкін

Сенатор Айнұр Арғынбекова үкімет басшысына депутаттық сауал жолдап, Семей қаласының мәселесін шешуді сұрады. Әйтпесе, тұрғындар жылусыз қалуы мүмкін, деп

Семейліктер жылусыз қалуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

жазды Sputnik Қазақстан.  

Алматы, NEGE. Бүгінде қаланы "Теплокомунэнерго" кәсіпорны жылумен қамтамасыз етіп отыр. Бірақ ол мекеменің шығыны мен қарызы көп. Көмір сатып алуға ақшасы жетпей жатыр.

«1 қазандағы жағдай бойынша кәсіпорынның қарызы 2,9 миллиард теңгені құрады. Соның ішінде жалақы бойынша берешегі 318 миллионға жетті. Қазіргі кезде түсіп жатқан барлық ақша жалақыға жұмсалып жатыр. Соның салдарынан жылу мауысымы тоқтап, халық жылусыз қалуы мүмкін. Ал өңірдегі климат қатал, халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп отыр", - деді Арғынбекова сенаттың жалпы отырысында.

Сенатордың айтуынша, үкімет резервінен шұғыл түрде 2,4 миллиард теңге бөліп беру керек.

"Есеп-қисап жасалды. Негіздемесі бар", - деп атап өтті Арғынбекова.

Айта кетері, биыл жаңадан құрылған Абай облысынан екі сенатор сайланған болатын. Олар – Айнұр Арғынбекова мен Бақытжан Байахметов.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков

Кәсіпкер Бейбіт Әлібеков пен ИК тобының мүшесі Азамат Маркленов Құрылтай сайлауына түседі

Құрылтай

Тоқаев Трампты АҚШ-тың Тәуелсіздік күнімен құттықтады

.