USD
USD
USD

Семейліктер қоқыс жәшігіне Ахметов пен Байахметовтың фотосын іліп кетті

Семейде әлдекімдер «Жаңа Қазақстанға ескі қоқыссыз!» деп жазылған және облыс әкімі Даниал Ахметов пен оның орынбасары, қала әкімі Бақытжан Байахметовтің суреті бейнеленген плакаттарды қаладағы қоқыс контейлеріне жапсырып кеткен.

 Семейліктер қоқыс жәшігіне Ахметов пен Байахметовтың фотосын іліп кетті
Фото: NEGE.kz


⠀
Нұр-Сұлтан, NEGE. Жаңа челлендж үш күннен бері жүріп жатыр. Тұрғындар соңғы кезде қаланың күл-қоқысқа толып, уақытылы тазаланбай жатқанына осылай назар аудармақ болған. 

Қоқыс жәшігіне парақшаларды жабыстырғандардың әсіресе қала әкімі Бақытжан Байахметовке ашулы екенін аңғаруға болады. Өйткені плакаттардың көбінде оның суреті мен қызметіне қатысты жағымсыз сөздер жазылған.

Ерекше флэшмобтың видеосы әлеуметтік желіде жаппай тараған соң, әлдекімдер шенеуніктердің суреттерін контейнерлерден алып кеткен. Мұны көрген тұрғындар әкімдіктегілердің шашылып жатқан қоқысты емес, плакаттарды жинап әкеткеніне ашуланды.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт