USD
USD
USD

Семейлік жігіт сайлау учаскесінде сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады

Семей қаласының тұрғыны сайлау учаскесінде сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Семейлік жігіт сайлау учаскесінде сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Елімізде өтіп жатқан ҚР Парламенті Мәжілісі және түрлі деңгейдегі мәслихаттар депутаттары сайлауында Семейдегі №93 сайлау учаскесінде ерекше жағдай болды. Жас жігіт көптің көзінше сүйіктісіне үйленуге ұсыныс білдірді.

«Бұл өмірімдегі ең ерекше күн. Болашақ жарыма көпшіліктің көз алдында шаңырақ көтеруге ұсыныс жасағым келді. Бәрі ойдағыдай болды. Қуанышымда шек жоқ!», - дейді семейлік.

Дауыс беруге келген басқа сайлаушылар жастарға бақыт тіледі.

Айта кетейік, қала бойынша барлығы 149 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Сайлаушылар тізіміне 232 мыңнан астам адам бар.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе