USD
USD
USD

Семейлік тұрғын достарының атына 39 млн теңге несие рәсімдеген

Семейлік тұрғын достарының атына 39 млн теңге несие рәсімдеген, аталған қаражатты құмар ойынға жұмсағаны анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Семейлік тұрғын достарының атына 39 млн теңге несие рәсімдеген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Семейлік азамат таныстарынан элиталық компанияға жұмысқа орналасуға көмектесуін сұрап, жұмысқа орналасқаннан кейін олардың атына берілген несиелерді өтеуге уәде берген.

Облыс орталығының 34 жастағы тұрғыны өзінің таныстарынан оған бұрын жақсы нәтиже көрсеткен спорттық ұйымға қайта оралу үшін материалдық көмек сұраған.

Таныстары алаяққа сеніп, өздерінің атына несие алып береді. Алайда кейінірек ол достарының ақшасын құмар ойынға жұмсайтыны анықталды. Жәбірленушілер өздерінің таныстарының тәуелділігі туралы біліп, алданғандарын түсінген. Полицияға 19 адам жүгінген.

Барлық фактілер ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ешқайда кетпеу туралы жазылымда, келтірілген залал 39 миллион теңге.

ҚР ҚПК-нің 201-бабы шеңберіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды. 

Қазір оқып жатыр

«Әр мәселенің артында нақты адам тұр»: сарапшы сапасыз бензин туралы

Decaf.

86 млн теңгелік автошеру: «ҚазТрансГаздың» бұрынғы басшысы Санжар Боқаевтың рөлі туралы айтты

Боқаев

Қорғаныс министрі әскери қызметте қаза тапқан сарбаздардың туыстарымен кездесті

Gov

Бурабайда орманды қоршаған құрылысшылардың рұқсат құжаты жоқ болып шықты

Бурабай