USD
USD
USD

Семейлік студент курстық жұмыс сатып аламын деп алаяққа ұрынды

Семейлік студент курстық жұмыс сатып алам деп алаяққа ұрынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Семейлік студент курстық жұмыс сатып аламын деп алаяққа ұрынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. “Anti-Fraud” ЖПІШ барысында Семей қаласы ПБ Орталық ПБ криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері алаяқтық әрекеттер жасады деген күдікпен облыс орталығының 24 жастағы тұрғынын ұстады.

Белгілі болғандай, 22 жастағы студент әлеуметтік желі арқылы курстық жұмыс жасату үшін күдікті деп танылған азаматқа тапсырыс беріп, 22 мың теңге төлем жасаған. Алайда белгіленген күні күдіктімен байланыса алмай, алаяққа тап болғанына көзі жеткен. Жауап алу барысында күдікті ер адам қолма-қол ақшаны қайтарып, кінәсін мойындады.

Ер адамға қатысты келу туралы міндеттеме бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Қазіргі уақытта полицейлер күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: депутат әйелдердің қауіпсіздігіне қатысты пікір білдірді

Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов

«20 жылдан бері террористпін»: Атырауда никаб киген екі әйелдің үстінен іс қозғалды

Видеодан үзінді/Ақ Жайық

«Ұмай» ипотекасына бөлінген 20 млрд теңгенің лимиті бір күнде таусылды

Пәтер кілті

«Қазпоштаны» табысқа шығарған Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Әсел Жанасова