Семейлік шенеуніктер неге пара алған?
Семей қаласында карантин талаптарын сақтамаған дүкен иелерінен пара алған мемлекеттік қызметкер сотталды.
Алматы, NEGE. Қалалық №2 сотта тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау бөлімінің бас маманына қатысты қылмыстық іс қаралды. Анықталғандай, ол өзінің қызметтік лауазымын пайдалана отырып 2020 жылдың 13 және 19 мамыр күндері дүкендерге өз бетімен тексеру жүргізген.
«Кәсіп иелеріне санитарлық нормалардың бұзылғанын айтқан мемлекеттік қызметкер әкімшілік хаттама толтырмау үшін Б. есімді азаматтан 12000 теңге, Х-дан 10000 теңге және И-дан 10 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы алды. Барлық айғақтарды зерттеген сот күдіктінің күнәсі дәлелденді деп шешті», – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Сотқа дейінгі тергеу барысында Семей қаласының прокуроры мен айыпталушы арасында кінәні мойындау туралы процессуалдық келісім жасалған. Сот үкімімен 320 000 теңге мөлшерінде айыппұл салынған сотталушы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Қазір оқып жатыр
Қазақстандық ғалым беделді халықаралық сыйлыққа ие болды
Temu мен Shein киімдері Еуропадағы қоқыс контейнерлерін толтырып жатыр
Ұлттық кітап күні Жетісуда челлендж, буккроссинг, саяхат сабағы, дефиле және басқа да заманауи форматта өтуде
Астанада мас күйде көлік жүргізген Бас прокуратура қызметкері қамауға алынбаған