USD
USD
USD

Семейде дәрігерлер жаңа туған нәрестенің өкпесіне күрделі ота жасап, өмірін сақтап қалды

Семей қаласындағы перинаталды орталықта жаңа туған сәбиге күрделі ота жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Перинаталды орталықта дүниеге келген нәрестенің өкпесінде туабітті ақау – кистозды-аденоматозды мальформация анықтал

Семейде дәрігерлер жаңа туған нәрестенің өкпесіне күрделі ота жасап, өмірін сақтап қалды
Фото: NEGE.kz

ған.

Алматы, NEGE . Ол бірден қарқынды емдеу бөліміне ауыстырылып, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. Содан соң кішкентай пациенттің дүниеге келгенінің 16-шы күні сирек, әрі күрделі ота жасалды.

"Мұндай күрделі ақауы бар нәрестені емдеу үшін негізінен Астана немесе Алматы қалаларына апару керек. Бірақ нәрестенің ауыр жағдайына байланысты оны тасылмалдау мүмкін болмады. Сондықтан Алматы қаласының Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы балалар хирургиясы бөлімінің меңгерушісі К.Хаиров, Семей медицина унивеситеттік госпиталінің балалар хирургиясы бөлімі меңгерушісі Е.Жұмажанов, германиялық хирург Мария Краузак шұғыл түрде шақырылды", - дейді перинаталды орталықтың неонаталдық қызмет жетекшісі Гулжазира Дюсекенова. Ақ халаттылар нәрестеге ота жасап, сол жақ өкпенің кистасын алды. Осылайша, нәрестенің өмірі құтқарылды.

Қазір оқып жатыр

Hyundai өрт шығуы мүмкін деген қауіппен 95 мыңға жуық Genesis көлігін кері қайтаруда

автокөлік

Қатардан – инвестиция, Каспийге – қорған, экология: Тоқаев халықаралық кездесулерде не айтты?

Қасым-Жомарт Тоқаев

Ақтөбе облысындағы шахтада тау жынысы опырылып, үңгуші қаза тапты

Жұмысшы қазасы

Шымкентте бір үйдің екі баласы көз жұмды: полиция өлімнің алдын ала себебін айтты

Полиция көлігі