Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Семейден ежелгі орман табылды

Семей өлкетанушылары қала маңынан көне ағаштардың қалдықтарын тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Семейден ежелгі орман табылды
Фото: NEGE.kz

.

Алматы, NEGE. Жуықта «Прииртышье» өлкетану қоғамының мүшелері экспедициямен Мукур өзеніне барды. Аумақты зерттеу кезінде өлкетанушылар дөңнің үстінен ағаш діңі мен тамырына ұқсас ерекше тастарды тапқан. Өлкетанушы Павел Жуковтың айтуынша, миллиондаған жылдар бұрын Қазақстан жеріне «Ежелгі Тетис мұхиты» деп аталатын теңіз толқындары шайып тұрған. Ол заманда материктердің орналасуы басқандай еді. Жер қабаттарының қозғалысы мұхит тереңдігі мен жағалаудың сұлбасын өзгерткендіктен сондағы өсімдіктер суға түсіп кеткен. «Биологиялық қалдықтар әр түрлі минералды тұздардың шоғырлану орталығына айналды. Қабаттар көтеріліп, мұхит кеткеннен кейін, қазір біз тұрған аумақ шөгінді жыныстардың орталығы болған. Осы өңірдің көп бөлігін сары, сарғыш шөгінді жыныстар алып жатқанын көрдік. Бұл темір тұзы. Бірақ кейбір ағаш діңдері тұрған жерде марганец тұзы шоғырланған. Олар түсімен, құрамымен және сыртқы түрімен ерекшеленеді. Пайымдауымызша, біз марганец тұзы шоғырланған ежелгі ағаштардың қалдықтарын таптық», - деді П.Жуков.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан жаһандық көлік бағыттарының маңызды бөлігіне айналып келеді

логистика

Каспий теңізі бетін майлы дақ басты: экологтар не дейді?

Каспий

25 тамыздан бастап электросамокатпен тротуарда жүруге тыйым салынады

самокат

Стример әйел TikTok-тағы эфирден кейін психикалық ауруханаға жатқызылды

стример