USD
USD
USD

Семейдегі университетке Әлихан Бөкейханның есімі берілді

Семей қаласындағы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетіне Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның есімі берілді.

Семейдегі университетке Әлихан Бөкейханның есімі берілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына орай Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті Алаш қозғалысы жетекшісінің атымен аталды. Бүгін білім ордасының бас ғимаратында Әлихан Бөкейхан бюстінің ашылу салтанаты өтті. Бюст авторы – белгілі мүсінші, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры Талғат Анарбеков. Сондай-ақ университетте «Әлихан Бөкейхан тұлғасы отандық ғылым контексінде: жаңа пәнаралық зерттеулер мен ізденістер» атты ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына орай Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті Алаш қозғалысы жетекшісінің атымен аталды. Бүгін білім ордасының бас ғимаратында Әлихан Бөкейхан бюстінің ашылу салтанаты өтті. Бюст авторы – белгілі мүсінші, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры Талғат Анарбеков. Сондай-ақ университетте «Әлихан Бөкейхан тұлғасы отандық ғылым контексінде: жаңа пәнаралық зерттеулер мен ізденістер» атты ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды.

«Семей қаласының білім жүйесінде Әлихан Бөкейхан есімін жаңғырту ісі өзекті. Бұл тұрғыда республикалық жоғары білім кеңістігінде өзіндік орны бар – Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің атауы «Әлихан Бөкейхан университеті» болып ауысты. Замана ағысында ұлт көшбасшысы болған тұлға есімінің университетімізге берілуінің тарихи негізі бар. Бұл білім ордасының құрылтайшылары мен студенттердің ел мен Семей қаласы тарихына және ұлттық мүддені ту етіп көтерген Әлихан Бөкейхан бастаған Алаш қозғалысы қайраткерлерінің тарихи қызметіне көрсеткен құрметі», - деді университет ректоры Шырын Құрманбаева.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Тоқаев, Ердоған

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Трамп ұлдарымен

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

.

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

депуттар