USD
USD
USD

Семейде полиция қызметкерлері патрульге шықты

Абай облысы полиция департаментінің жеке құрамы өңірдегі өрттерді оқшаулау кезеңінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге жұмылдырылды, деп хабарлады ІІМ.

Семейде полиция қызметкерлері патрульге шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Полиция департаменті жеке құрамы тұрақты орналасу пункттерінде дайындық жағдайында болды.

«Патрульге 70 полиция қызметкері, сондай-ақ 20 бірлік техника жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері төтенше жағдай аймағында эвакуацияланған тұрғындардың материалдық құндылықтары мен жеке мүлкін қорғау бойынша топтар құрды.

Жергілікті аймақтарда көліктің барлық түрлерінің қозғалысын ұйымдастыру және реттеу, сондай-ақ төтенше жағдай режимін, азаматтар мен көлік құралдарының келу және кету тәртібін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деп жазды ІІМ.

Қазір оқып жатыр

Алматы 265-орында: Қазақстанның үш қаласы әлемдік рейтингке енді

Алматы

Нақты дерек пен қауесет: Almaty Superski жобасына қарсы шыққан «экобелсенділердің» уәжі неге сенімсіздік тудырады?

Almaty Superski бойынша өткен баспасөз мәслихаты

КҚК-ға жасалған шабуылдардың салдары Қазақстан экономикасына қалай әсер етті?

КТК

Акция анда-мында. ERG НЕГЕ 1,7 триллион теңгеге бағаланды?

ERG