Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Семейде зират өртенді

Семей қаласында зиратта өрт шыққан, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Семейде зират өртенді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 11:45 шамасында өрт сөндірушілерге Семей-Көкентай тасжолының 3 шақырымында өрт шыққаны жайлы хабар түскен.

Қызыл жалынды ауыздықтауға 3 автоцистерна мен жеке құрамнан 9 адам аттанды.

«Олар оқиға орнына келіп жеткенше зираттағы өрт 300 шаршы метр аумақтағы шөпке жайылған. Сондай-ақ тілсіз жаудың салдарынан 45 мола бүлінді. Өрт сағат 12:42-де толықтай сөндірілді», - делінген ведомство мәліметінде.

Айта кетейік, өрттің шығу себебі отты абайсыз пайдаланудан болуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Тойда уағыз айтып, басы дауға қалған ақсақалдың қызы Тоқаевқа үндеу жасады

қылмыстық іс

«Ресейден жеткізілген»: Алматыда жалған көлік нөмірлерін сатқан тұрғын ұсталды

жалған нөмірлер

ЕҮАК отырысында электрондық сауда туралы келісімге қол қойылды

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы

Алматыдағы «Байсат» базары аукционда 24,7 млрд теңгеге сатылды

Байсат