USD
USD
USD

Семейде жөнделіп жатқан су құбырының шұңқырына автокөлік түсіп кетті (видео)

Абай ауданының әкімдігі Семейде Қабанбай батыр көшесінің бойындағы су құбырының бір бөлігі ауыстырылып, жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады.

Семейде жөнделіп жатқан су құбырының шұңқырына автокөлік түсіп кетті (видео)
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «1 ақпан сағат 16:30 шамасында Қабанбай батыр көшесінде «ВАЗ» көлігін тізгіндеген 44 жастағы жүргізуші қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын сақтамай, бұрын сумен жабдықтау жұмыстары жүргізілген шұңқырға аударылып кеткен. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. «ВАЗ» көлік құралының жүргізушісіне ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 620-бабы бойынша хаттама толтырылды», деді  Абай облысының полиция департаментінің өкілдері. 

Бұл әрекет үшін оған ескерту беріледі немесе үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Әкімдіктегілер жөндеу жұмыстары жүріп жатқан жерге қоршаулар орнатылып, тиісті белгілер қойылғанын түсіндірді. Сондықтан көліктің шұңқырға түсіп кетуіне коммуналдық қызметтер кінәлі емес. 

Жөндеу жұмыстары екі күнде аяқталады.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар