USD
USD
USD

Семейде жолаушылар мінген автобус өртенді

Семей қаласында жолаушылар толы қоғамдық автобус жолда жүріп келе жатып өртеніп кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Семейде жолаушылар мінген автобус өртенді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 8 желтоқсанда сағат 13:00 шамасында өрт сөндіру қызметіне "Шығыс сол жақ" саяжай алабындағы "6 саяжай"аялдамасында өрттің шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

Өрт №56 жолаушылар автобусын да шарпып өткен. Оқиға орнына келгеннен кейін өрт сөндірушілер 2011 жылы шығарылған қытайлық "Antong" маркалы автобустың өртеніп кеткенін анықтады. Өрт 3 шаршы метр аумақты қамтып, көліктің қозғалтқыш бөлігіне, бақылау тақтасына және жүргізуші орындығына жайылған.

Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар келгенге дейін жолаушылар жанып жатқан автобустан өздері сәтті эвакуацияланғаны белгілі болды. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Өрт сөндірушілердің үйлестірілген әрекеттерінің нәтижесінде өрт 10 минуттан кейін оқшауланып, оны толығымен жою үшін 25 минут қажет болды.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар