USD
USD
USD

Семейде шала туған нәрестелерге арнайы күтім жасайтын бөлімше ашылды

Семей қаласында шала туған нәрестелерге арнайы күтім жасайтын бөлімше ашылды, деп хабарлайды ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы.

Семейде шала туған нәрестелерге арнайы күтім жасайтын бөлімше ашылды
Фото: NEGE.kz

ШҚО. NEGE. Семейдегі перинаталдық орталық базасында 3 жасқа дейінгі сәбилерге арналған бөлімше ашылды. Мұнда жыл сайын 600-ге жуық бала жоғары білікті медициналық көмек алады. Бөлімде 50 төсек-орын бар.

«Катамнез бөлімшесінде салмағы 2000 грамға дейінгі, бронх-өкпе дисплазиясымен, емдік гипотермиядан кейінгі, асфиксиямен ауырған, туа біткен жарақаты немесе ақаулары бар нәрестелерге күтім жасалады. Дәрігерлер шала туған сәбилерді қарап қана қоймай, ата-аналарға балаларына одан әрі күтім жасай алу үшін оңалту шараларын үйретеді», - делінген ақпаратта.

Перинаталдық орталықтағы жаңа бөлімше бала денсаулығын бақылауды қамтамасыз етіп, мүгедектікті азайтуға сеп болмақ. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2021 жылдың өзінде Семейде 604 нәресте шала туған.

 

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық