USD
USD
USD

Семейде полиция қызметкері әріптесін зорлаған: Оқиғаны құзырлы органдар растады

Осыдан бір ай бұрын Семей қаласының полиция басқармасы бөлімінің қызметкері зорланған. 

Семейде полиция қызметкері әріптесін зорлаған: Оқиғаны құзырлы органдар растады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Фактіні Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті растады. Жәбірленуші полиция аға лейтенантын кінәлі деп айыптаған. Шығыс Қазақстан облыстық полициясы зорлау оқиғасы бір ай бұрын болғанын және жәбірленуші полиция қызметкерімен таныс болғанын айтты.

«Аталған дәлелдер сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында қайта тексеріледі. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Сонымен қатар қоғам тарапынан айтылған сын үшін аталған қызметкер 30 қарашада ішкі істер органдарынан шығарылды», – деп хабарлады полициядан. Михаил Козачков телеграм каналында оқиғаның  29 қарашада болғанын жазған. Жәбірленуші – Семей ҚП ақпараттандыру және байланыс бөлімінің технигі. Ал зорлаушы – полицияның аға лейтенанты.

Сондай-ақ, зорлық құрбаны полиция қызметкеріне арыз жазуға тырысқан. Алайда оның арызын белгілі бір уақыт аралығында қабылдамаған, себебі полиция басшысы орнынан босатылады деп қорыққан.

Қазір оқып жатыр

Аида Балаева Құрылтай депутаттарына қатысты сынның буллингке ұласып бара жатқанын айтты

Мәдениет және ақпарат министрі

Қазақстан – Қырғызстан шекарасында жүздеген жүк көліктері жиналып қалды

.

Алматыда электросамокатпен келе жатқан ер адам қаза тапты

Элеткрсамокат

18 жастағы Сәтпаевты «Бернли» бапкері бүкіл командаға үлгі етті

Дастан