USD
USD
USD

Семейде оқушы қыз соққыға жығылды

Семейде оқушы қыз соққыға жығылды. Полицияға оның құрдастары – өзге оқушы қыздар ата-аналарымен бірге жеткізілді. Бұл туралы polisia.kz хабарлайды.

Семейде оқушы қыз соққыға жығылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Полицейлер Семей қаласының әлеуметтік желілеріне мониторинг жүргізу барысында видеожазба анықтаған. Онда қала мектептерінің бірінде оқитын оқушы қыздар өзге оқушы қызға дене жарақатын салып жатқан.

«Оқиға 10 сәуір күні Семей қаласында болған. 15 сәуір осы факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жанжалдың барлық қатысушылары анықталып, заңды өкілдерімен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Қазір ата-аналардың, психологтардың қатысуымен тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Қалған ақпарат тергеу мүддесінде, ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды», - делінген мәліметте.

Сондай-ақ полицейлер көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салды.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе