USD
USD
USD

Семейде мысықты өлтірген ер адам сотталды

Семейде ер адам мысықты ұрып өлтіргені үшін сотталды.

Семейде мысықты өлтірген ер адам сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Түнде 26 жастағы ер адам темекі тарту үшін пәтерінен тұрғын үйдің кіреберісіне шыққан. Сол сәтте ол кіші дәретін жіберіп тұрған мысықты көрген. Ер адам оны кіреберістен далаға лақтырып жібермек болған. Алайда мысық қашып үлгерген. Осыған қарамастан семейлік тұрғын оны тауып алып, ұрып өлтірген.

Бұл жағдай кіреберісте орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Сот отырысында ер адам өзінің кінәсін толық мойындады.

“Судьяның шешімімен ол 90 сағат қоғамдық жұмысқа тартылатын болды. Сотталған ер адам қала көшелерін қоқыстан тазалайды”, - делінген хабарламада. 

Абай облысы ҚАЖД Семей қаласының орталық ауданының пробация қызметі ер адамды жергілікті атқарушы органға жіберген, ол қазіргі уақытта қала көшелерін қоқыстан тазалауға кіріскен. 

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе