USD
USD
USD

Семейде құтқарушылар отқа оранған үйден мүгедек адамды алып шықты

 Семей қаласында өртенген жер үйден мүгедек адам құтқарылды. 

Семейде құтқарушылар отқа оранған үйден мүгедек адамды алып шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ШҚО nөтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Семейдегі Сәтбаев көшесінде шөп өртенген. Тілсіз жау лезде жақын маңдағы жер үйге, моншаға, гараж бен шаруашылық қора-жайларға тарап кетті. «Сол жерге жылдам келіп жеткен өрт сөндірушілер бірінші кезекте жер үйге кіріп, 1984 жылғы мүгедек адамды сыртқа алып шықты. Жалынның жылдам жайылуына қатты жел әсер еткен. Көп ұзамай жалпы ауданы 24 шаршы метрді құраған от ауыздықталды. 2 гектарға тараған дала өрті де сөндірілді», – деп хабарлады ведомство өкілдері. Айта кетейік, өртпен күреске 6 техника мен жеке құрамнан 30 адам жұмылдырылған.

Қазір оқып жатыр

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити