USD
USD
USD

Семейде көшеде қарумен жүрген ер адам тұрғындарды шошытты

29 наурызда Семей қаласының полиция бөліміне 342-орамдағы сауда үйінің маңында "винтовка" ұстаған жігіттің қыдырып жүргені туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына барған тәртіп сақшылары жас жігітті ұстаған, деп хабарлайды nur.kz.

Семейде көшеде қарумен жүрген ер адам тұрғындарды шошытты
Фото: NEGE.kz

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары қолына "оптикалы көздеуішті винтовка" алып жүрген 17 жастағы қала тұрғынын тоқтатқан.

Әңгіме барысында жасөспірім ойыншық қаруды өзі ұсталған ауданнан сатып алғанын айтқан. Ал ақшаны оған туған күніне ата-анасы берген екен.

Ювеналды полиция тобының қызметкерлері заңды өкілдерінің қатысуымен кәмелетке толмаған баламен профилактикалық әңгіме жүргізді. Ойыншық винтовка туған күн иесіне қайтарылды.

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов