USD
USD
USD

Семейде көпбалалы отбасыларға баспана кілті берілді

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов қала күнін мерекелеу қарсаңында мемлекеттік тұрғын үй қорында «Көпбалалы отбасы» санаты бойынша кезекте тұрған 20 отбасына Ұшақтар кентінен жеке тұрғын үйлердің кілтін табыстады, деп жазды El.kz.

Семейде көпбалалы отбасыларға баспана кілті берілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қала әкімдігінің мәліметінше, аталған тұрғын үйлер сатып алу құқығынсыз берілетін жалдамалы баспана болып саналады.

Бүгін 20 отбасыға Ұшақтар кентіндегі Архат көшесіндегі үйлерден баспаналы болды. Маусым айында 37 отбасы өз қоныс тойын тойлаған болатын. Баспана иелерін – осындай айтулы күнмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа үйлер берекелі болып, барша шаңыраққа қуаныш әкелсін!, - деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Айта кетейік, биыл қыркүйек айының соңына дейін Комсомол кентінен тағы 32 көп балалы отбасы баспаналы болмақ.

Сондай-ақ Семей қаласы бойынша үй кезегінде 13 000-нан астам қала тұрғындары тіркелген. Осыған орай, Қарағайлы ықшам ауданында бюджеттік көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, биыл жыл соңына дейін 200-ге жуық әлеуметтік осал және көпбалалы отбасылар тойлайды. Отбасыларды тұрғын үймен қолдаудың кешенді моделі жалғасады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты