USD
USD
USD

Семейде көкөніс пен ірімшік қымбаттады

Семей қаласында көкөністер мен ірімшік қымбаттады.

Семейде көкөніс пен ірімшік қымбаттады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өткен аптада әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының құны 0,8%-ға артқан. Оның ішінде көкөністер мен ірімшік қымбаттады. Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында қалалық кәсіпкерлік бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жәнібек Мұқатаев айтып берді.

«Семейде прокуратурамен бірлесіп әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасына мониторинг жүргізілуде. Көтерме сауда кәсіпорындарының басшыларына заңнама талаптары түсіндіріліп жатыр. Жыл басынан бері 36 ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. Жалпы сомасы 602,4 млн теңгенің өнімдері сатылды», – деді ол.

Оның айтуынша, шаһарда «Ертіс» АҚ-ның 13 сауда павильоны және тұрақтандыру қорының өнімдерін сататын 19 дүкен жұмыс істеп тұр.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер