USD
USD
USD

Семейде кеме қатынасы жандануы мүмкін

Абай облысында алда

Семейде кеме қатынасы жандануы мүмкін
Фото: NEGE.kz

ғы уақытта кеме қатынасы жандануы мүмкін. Себебі өңір әкімі Нұрлан Ұранхаев бұрынғы өзен портын аралап көрді. Өңір басшысы мұнда кеме қатынасын жандандыру қажеттігін атап өтті.

Алматы, NEGE. «Мен Ертістегі кеме қатынасын жандандыру ниеті туралы айтқан болатынмын. Бүгін біз бұрынғы өзен вокзалының жағдайын көруді ұйғардық», - деді Нұрлан Ұранхаев.

Облыс басшысы қалада кеме қатынасын жаңғырту үшін инвесторлардың бар екенін атап өтті.

«Бізде ұсыныстар бар, инвесторлар бар. Бұрын Өскемен мен Омбы арасында Семей арқылы біздің мақтанышымыз – «Ракеталар» жүретін. Кеме қатынасын қайта жандандырсақ жақсы болар еді. Иә, менің ойымша, көпшілігін жолда жүру шаршатты. Өскеменнен Семейге дейін шлюздеуді есепке алғанда үш жарым сағат кетеді. Көбісі мінеді деп ойлаймын. Жүк тасымалдарына келетін болсақ – бұл жеке тақырып, оны есептен алып тастамаймыз, бірақ оған басқа инвесторлар қажет болады», - деп түйіндеді Н.Ұранхаев.

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу