USD
USD
USD

Семейде есірткі қойып кетуші топ қолға түсті

Абай облысында “Қарасора – 2023” ЖПІШ барысында есірткі қойып кетуші топ қолға түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Семейде есірткі қойып кетуші топ қолға түсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ұзақ мерзімді жедел әзірлеуді жүргізу нәтижесінде Абай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері және Семей қаласы ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері “Қарасора – 2023” ЖПІШ өткізу барысында синтетикалық есірткілерді жеткізу арнасының жолын кесті.

Есірткі қылмысына қарсы күрес бөлінісінің қызметкерлері интернет дүкеннің қатысушыларын анықтады. 18, 25 және 29 жастағы үш жергілікті тұрғын облыс орталығында синтетикалық есірткі құралдарын құпия орындарға жасырын қойып кетіп отырған. Ұсталғандардан сатуға арналған 250-ден астам бір реттік синтетикалық есірткі дозасы, сондай-ақ мобильді құрылғылар тәркіленді.

Олардың көмегімен жасырын орындарды суретке түсіріп, есеп беріп отырған.

Мобильді құрылғыларды тексеру кезінде Telegram мессенджерінде “курьерлер” тауар бойынша нұсқаулар мен координаттар жазылған хат алмасу чаты табылды. Тауар металл бетіне бекітілуі үшін ішіне магнит салып, жабысқақ изолентамен ораған.

– Сараптама көрсеткендей, зерттеуге ұсынылған заттар жалпы салмағы 73 грамнан асатын A-PvP психотроптық заты екені анықталды. Қара нарықтағы бағасы 2 млн теңгеден асады, – деді облыстық ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіков.

Жыл басынан бері облыс полицейлері заңсыз айналымнан 200 келіге жуық түрлі есірткі заттарын тәркіледі. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оның санкциясы 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Қазір оқып жатыр

12 адам қаза тапқан өрт: «Центр плова Loft» ісі бойынша тергеу аяқталды

дәмхана

Ресей МӨЗ-іне жасалған шабуылдан қазақстандық зауыттың жұмысы тоқтауы мүмкін

Конденсат

2026 салқыны. «Halyk Bank» НЕГЕ құлдырай бастады?

Halyk

Kizdar.net сайтын құрушылар 6 коммерциялық нысан мен қымбат мүліктерге иелік еткен

Kizdar.net