USD
USD
USD

Семейде Ертіс өзеніне құлап кеткен баланың денесі табылды

Семейде Ертіс өзеніне құлап кеткен 7 жасар баланың денесі табылды.

Семейде Ертіс өзеніне құлап кеткен баланың денесі табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қайғылы оқиға 21 сәуірде Семейде болған. Сағат 19.56-да 112 пультіне аквапарк маңында баланың суға құлап кеткені туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына құтқару бөлімшелері жіберілгені айтылады.

“Куәгерлердің айтуынша, өзен жағасында ойнап жүрген 2016 жылы туған баланың суға құлап, жоғалып кеткені белгілі болды. Іздестіру-құтқару жұмыстары басталған. Баланың денесі бүгін сағат 9:45-те табылды. Оны оқиға орнынан 15 шақырым жерден өтіп бара жатқандар Ертіс жағасынан тауып алған”, – деп мәлімдеді Абай облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе