USD
USD
USD

Семейде Ертіс ормандары өртенді

Абай облысында Семей қаласына қарасты Озерки ауыл округінде дала өрті тұтанды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Семейде Ертіс ормандары өртенді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 22 қазан күні сағат 20:00-де «Семей орманы» кезекші диспетчері «101» пультіне хабарласқан. 

Айтуынша, Озерки ауыл округінде құрғақ шөп, бұталар жанып жатыр. 

Оқиға орнына келген азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері ақпаратты растады. Ертіс орманшылығының ашық аумағында 30 гектар құрғақ шөп жанып жатты.

Каштак орманшылығынан 23 адам, оның ішінде 5 бала Каштак ауылына эвакуацияланды.

Өрт 23 қазан таңғы сағат 05:20-да оқшауланды. 

Абай облысы ТЖД-дан орман өртін сөндіруге 32 қызметкер мен 8 техника, «Семей орманы» резерватынан 40 адам және 15 техника, Семей қаласы мен Озерки ауылдық округінен 13 адам және 5 техника, сондай-ақ, бір полицей мен автокөлік жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта өрттің ауданы 35 гектарды құрады, оның ішінде шамамен 5 гектары - орман. 

Дала өртін сөндіру үшін Каштак, Талица, Ертіс орманшылығынан 17 қызметкер, 4 техника жұмыс істеп жатыр. 

Тілсіз жаумен күрес жалғасып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков

Кәсіпкер Бейбіт Әлібеков пен ИК тобының мүшесі Азамат Маркленов Құрылтай сайлауына түседі

Құрылтай

Тоқаев Трампты АҚШ-тың Тәуелсіздік күнімен құттықтады

.