USD
USD
USD

Семейде белгісіз біреу оқушы қызды ұрлап кетпек болды

Семей қаласында белгісіз біреу оқушы қызды ұрлап кетпек болды.

Семейде белгісіз біреу оқушы қызды ұрлап кетпек болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға Семейдегі Восточный кентінде болған. Белгісіз біреу оқушыны ұрлап кетпек болғанда сол маңда жүрген ер адамдардың бірі көмекке келіп үлгерді. Ал қаскөй автобусқа мініп, із суытқан. Полиция қызметкерлері қазір оның кім екенін анықтап жатыр.

«Аталған факті Семей қаласының Орталық полиция бөлімінде тіркеуге алынды. Бүгінде ер адамның кім екенін және іс бойынша барлық мән-жайды анықтау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етілмейді», - делінген ақпаратта.

 

Қазір оқып жатыр

Қазақстан бензин мен дизель отынын шетелге шығаруға тағы алты айға тыйым салды

Ресейге бензин жеткізу

Ақтөбеде тағы бір келіншек бұрынғы күйеуінің қолынан ажал құшты: күдікті ұсталды

Полиция көлігі

Қазақстанда Toyota мен Lexus көліктерін несиеге беретін компанияға ескерту жасалды

көлік

Қазақстанда медициналық ұйым басшыларының әрбір бесіншісі тестілеуден өте алмаған

МӘМС