USD
USD
USD

Семейде ағаш өңдеу цехы өртенді

Семей қаласындағы ағаш өңдеу цехында өрт шықты.

Семейде ағаш өңдеу цехы өртенді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 23 қарашада сағат 19.10 шамасында Елемесов көшесіндегі ағаш өңдеу цехында өрт шыққан.

«Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтауға кірісті. Шатырдың ағаш құрылымдарын шарпыған қызыл жалынның жалпы аумағы 120 шаршы метрге жеткен. Сондай-ақ от жиһазға, жеке заттар мен есікке жайылған. Өртті өшіру кезінде құтқарушылар цех ішінен 27 литрлік 2 газ баллонын сыртқа алып шығып үлгерді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

30 минут ішінде тілсіз жау толықтай сөндірілген. Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына отпен абайсыз әрекет ету немесе электр жабдықтарының апаттық режимі себеп болуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Ақтаудағы МАЭК-те екі жұмысшы тұз қышқылынан күйік алды

МАЭК

Ақмола облысында колледж студенті бұрынғы сыныптасын пышақтап кеткен

мұғалімді пышақтады

Алматыда Жириновскийдің құрметіне естелік тақта орнату ұсынылды

Владимир Жириновский

Трамп Вашингтонда тілшілермен болған кешкі астан шұғыл эвакуацияланды

Трамп