USD
USD
USD

Семей тұрғыны қала мектептерінің бірінің маңайына «синтетика» қойып жүрген

Семей тұрғынынан “синтетиканың” аса ірі партиясы тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей тұрғыны қала мектептерінің бірінің маңайына «синтетика» қойып жүрген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 10 қаңтар күні Абай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс орталығындағы мектептердің бірінің жанында аса ірі мөлшердегі психотроптық заттарды заңсыз өткізді деген күдікпен Семей қаласының тұрғынын ұстады.

Жедел деректерге сүйенсек, ұсталған адам интернет-дүкеннің психотроптық заттарының “жеткізушісі” болып жұмыс істеген, бұл жерде оның жұмысы облыс орталығының аумағында тыйым салынған заттарды қойып кетуді жүзеге асыру болған. Ұсталған сәтте күдіктіні жеке тінту барысында одан 9 дана мөлшерінде дайындалған оралған полиэтилен орамы тәркіленді. 

Алынған психотроптық заттың жалпы салмағы 9,42 грамды құрайды. Бұл өте үлкен үлкен мөлшерге жатады. Күдікті Семей қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, оның санкциясы 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Қазір оқып жатыр

«Рейстің кешігуі мәселесіне назар аударды»: Тоқаев Air Astana басшысын қабылдады

 Air Astana

Партия төрағалары неге қатарынан ауысып жатыр?

Партиялар

Алматыда сел қаупіне байланысты Наурызбай ауданы тұрғындары эвакуациялануда

Сел

Бектенов Eni және Baker Hughes компаниялары басшылығымен кездесті

кездесу