Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Семей тұрғыны 2 адамды өрттен құтқарып қалды

Семей

Семей тұрғыны 2 адамды өрттен құтқарып қалды
Фото: NEGE.kz

қаласында мектеп директорының орынбасары екі адамды өрттен құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Семей, NEGE.  ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Семейдегі Достоевский көшесінде орналасқан дәмхананың ас бөлмесінде өрт шыққан. Қызыл жалын төбе жабынын, терезе және есік блоктарын, тұрмыстық техника мен жеке заттарды шарпыды.

Өртті бірінші болып жақын жерде тұратын Дәурен Жанбаев байқаған. Бірден өрт сөндірушілерге хабар берген ол сол жерге барып, 1995 және 1985 жылы туған дәмхананың екі қызметкерін сыртқа алып шықты.

«Алдын ала мәлімет бойынша тілсіз жаудың шығуына – электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамау себеп болуы мүмкін. Дәуреннің батыл қимылының арқасында өрттен ешкім зардап шеккен жоқ», - делінген ақпаратта.

Бейбіт күннің батыры қала мектептерінің бірінде директордың орынбасары болып жұмыс істейді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда Telegram жұмысы баяулады: жауапты мамандар не дейді?

Telegram

«ҰБТ-дан 125 балл жинағанымен, грантқа ілікпеді»: жетісулық ата-аналар шағымын жеткізді

ҰБТ

Қант нарығы әлі де импортқа тәуелді: отандық өндірістің үлесі тек 29%

қант импорты

Қажылыққа апарамын деп елден 60 млн теңге жинап алған екі астаналық сотталды

Қажылық