USD
USD
USD

Семей орманы резерватына жаңа радиотехникалық жабдықтар табысталды

«Семей Орманы» мемлекеттік резерватына арнайы радиотехникалық жабдықтар жеткізілді, деп хабарлайды Абай облысы әкімдігі.

Семей орманы резерватына жаңа радиотехникалық жабдықтар табысталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Семей Орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватына 220 жылжымалы радиостанция, 110 автомобиль радиостанциясы, 150 автомобиль антеннасы пайдалануға берілді.

Радиожабдықтар БҰҰ-ның Қазақстандағы Даму бағдарламасының қолдауымен алынған және мұндай көмек алдағы уақытта да жалғаса бермек.

Іс-шараға Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков, Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Тұрғамбаев, БҰҰ Даму бағдарламасының Тұрақты өкілінің орынбасары Сухроб Ходжиматов қатысты.

«Өрт сөндіруге қатысқандардың бәріне алғыс айтқым келеді. Иә, техника тозған. Өрт кезінде техниканың жетіспеуі мен тозуына байланысты біз дала өртінің бетін қайтара алмадық. Қарапайым дрон да болған жоқ. Осы мәселелерді шешу үшін біз қажетті жұмысты қолға аламыз. БҰҰ-ның даму бағдарламасына қолдағаны үшін алғыс айтамыз. Біз бұдан әрі де бірге жұмыс істейміз деп үміттенеміз», - деді Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков.

Жаңа радиотехникалық жабдықтардың бұрынғыларынан айырмашылығы – неғұрлым қуатты және берік. Орманшылар оларды сол жерде сынап көріп, жақсы баға берді.

Қазір оқып жатыр

12 адам қаза тапқан өрт: «Центр плова Loft» ісі бойынша тергеу аяқталды

дәмхана

Ресей МӨЗ-іне жасалған шабуылдан қазақстандық зауыттың жұмысы тоқтауы мүмкін

Конденсат

2026 салқыны. «Halyk Bank» НЕГЕ құлдырай бастады?

Halyk

Kizdar.net сайтын құрушылар 6 коммерциялық нысан мен қымбат мүліктерге иелік еткен

Kizdar.net