Семей мен Қызылорда тұрғындарына қауіп төніп тұр
Семей мен Қызылорда тұрғындары жақын маңдағы өзендердегі су деңгейі күрт көтерілген жағдайда эвакуациялануы мүмкіні.
Алматы, NEGE. «Семейде болған және Қызылордада болып жатқан жағдайға температураның көтерілуі себеп. Бұл су тасқыны емес. Өзеннің еркін өтуіне кедергі жасайтын анжыр пайда болған. Анжыр – жарылған мұз. (...) Қазір өзеннің қозғалысына әсер ететін ұсақ мұз пайда болған. Сондықтан су деңгейі де көтерілген. Қазір өзен өзіне «жол салып алғандықтан» еш кедергісіз өтеді. Су деңгейі қауіпті деңгейден 11 сантиметрге түскен. Кез келген уақытта мәселе туындауы мүмкін, сондықтан тұрғындарды алдын ала ескертуге тиіспіз. Ол үшін автобустар да дайын. Эвакуация пункттері: 6 мектеп пен 2 қонақүй. Эвакуация жасаған сәтте бұл жерлерде тұрғындар тамақпен қамтамасыз етіледі. Төтенше жағдайға Ішкі істер министрлігі дайын», – деді ішкі істер министрлігі төтенше жағдай комитеті төрағасының орынбасары Барат Дұзақбаев ІІМ брифингінде.
Дұзақбаев Қызылорда облысында Сырдариядағы су деңгейі ауа температурасы 10 градусқа дейін жеткендіктен көтерілгенін айтты. «Қазіргі уақытта су деңгейі төмендеп жатыр. Гидравликалық посттарда үнемі мониторинг жүргізіліп жатыр. Өлшеулер алынып жатыр. Қараөзекте су деңгейі 695 сантиметр. 13 қаңтар сағат 18:00-ден бастап деңгей 2 сантиметрге қысқарған. Қауіпті деңгей - 665 сантиметр болса, критикалық деңгей – 770 сантиметр. Жақын маңдағы Жосалы пунктіне дейінгі аралық 300 метр. Сырдария-Жосалы постындағы су деңгейі 678 сантиметр. Қауіпті белгі - 680 сантиметр, ал критикалық деңгей – 720 сантиметр. Жақын маңдағы Жосалы пунктіне дейінгі аралық 200 метр. Ал Сырдария-Қазалы постындағы су деңгейі 639 сантиметр. 13 қаңтар сағат 18:00-ден бастап су деңгейі 4 сантиметрге қысқарған. Қауіпті деңгей – 640 сантиметр болса, критикалық деңгей – 743 сантиметр. Жақын маңдағы Жосалы пунктіне дейінгі аралық бір километр», – деді Барат Дұзақбаев.
Ведомство мәліметінше, барлық ТЖД, жергілікті атқарушы органдары жедел құтқару жұмыстарын жүргізуге дайын. Қазір толық мониторинг жүргізіліп, бақылау посттары белгіленген.