Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Семей қаласына жаңа әкім тағайындалды

ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың өкімімен Семей қаласының әкімі қызметіне Нұрымбет Сақтағанов тағайындалды.

Семей қаласына жаңа әкім тағайындалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Нұрымбет Аманұлы 1970 жылы 6 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қызылорда педагогикалық институтын, Қызылорда аграрлық-техникалық колледжін, МЭСА дистанциялық білім беру институтын, МЭСА Қызылорда экономика, статистика және ақпарат институтын мұғалім, бухгалтер, заңгер мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек қызметін институт бітіргеннен кейін 1992 жылы Қызылордадағы №172 орта мектебінде мұғалім болып бастады.

1993-1994 жылдары ҚР ҚК қатарында болып, әскерден кейін Қызылордадағы №9 орта мектепте жұмысын жалғастырды.

1995-2001 жылдары Қызылорда облысы бойынша Кеден басқармасының инспекторы, аға инспекторы, бас инспекторы, бөлім бастығы, бөлім бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.

2001-2006 жылдары ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінде бас инспектор, Төрағаның көмекшісі, бөлім бастығы болды.

2006-2007 жылдары ҚР Парламентіндегі Үкімет өкілдігінің бас инспекторы, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде бөлім бастығы, Министрдің кеңесшісі қызметін атқарды.

2007-2010 жылдары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары болды.

2010-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы, ал 2012-2015 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2015-2018 жылдары ШҚО әкімінің бірінші орынбасары болды.

Қазір оқып жатыр

Мемлекет БАҚ пен блогерлердің аккаунттарын бұғаттауға мүдделі емес – Аида Балаева

Аида Балаева

Қоғамдық орында намазхана ашуға бола ма?

Намаз оқу

Павлодар облысында жетім қыз қателіктен тұрғын үй кезегіне алты жылға кеш қойылған

тұрғын үй кезегі

Оңтүстікте өзін ҚМА қызметкері ретінде таныстырғандар емхана басшысынан 15 млн теңге талап еткен

алаяқтық