USD
USD
USD

Сексуалды жәбір көрсеткен продюсер 3 жылға сотталды

Голливудтағы бұрынғы продюсер Харви Вайнштейн кісі зорлады деп айыпталды. Дүйсенбі, 24 ақпанда Нью-Йоркте өткен процесте алқа билер соты осындай шешім шығарды.

Сексуалды жәбір көрсеткен продюсер 3 жылға сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сот алқасы оны бес айыптаудың екеуіне кінәлі деген ұйғарымға тоқтады. Харви Вайнштейн ісі бойынша сот үкімі 11 наурызда жарияланады. 2017 жылы қазанда бірнеше танымал актриса Харви Вайнштейннің үстінен шағым түсірді. Содан кейін оны компанияның директорлар кеңесінен және америкалық Киноакадемия құрамынан шығарды.

Вайнштейнді кем дегенде 80 әйел айыптады. Олар ондаған жылдар бұрынғы оқиғаларды баяндады. Айыптаушылардың арасында Гвинет Пэлтроу, Ума Турман, Сальма Гаек бар. Әйелдер құқықтарын қорғаушылар #MeToo («мен де») қозғалысын бастады. Оған қатысушылар ықпалды, бай адамдардың қырындағаны туралы оқиғаларды әлеуметтік желілерге жариялады.

Продюсер Харви Вайнштейн кезінде «Оскар» сыйлығын алған «Қылмыстық сыпайылық» (Pulp Fiction), «Ақылды Уилл Хантинг» (Good Will Hunting), «Патша сөйлейді» (The King's Speech) және «Ғашық Шекспир» (Shakespeare in Love) фильмдерін түсіруге қатысқан.

Қазір оқып жатыр

1 шілдеден бастап ипотека алу қиындай ма?

Пәтер кілті

«Балапан» арнасы «продюсер зорлады» деген жігітке қатысты мәлімдеме жасады

Нұрғали Нұғман

Талғарда екі кішкентай қыздың әкесі жас жігіттің қолынан қаза тапты

кісі өлімі

Қайрат Сатыбалды ұзақ уақыттан кейін алғаш рет ел алдына шықты

Қайрат Сатыбалды