USD
USD
USD

Сексуалды құлдықта болған жасөспірімнің анасына айыппұл салынды

Қызылордада сыныптастары тарапынан сексуалды құлдықта болған 16 жастағы қыздың анасы әкімшілік жазаға тартылды. 

Қызылорда
Фото: Gov.kz

Астана, NEGE. Kazinform мәліметінше, мәселені кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі Қызылорда облыстық мамандандырылған ауданаралық соты қарады.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 127-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін, яғни кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтарын және (немесе) мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді, қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамағаны үшін кәмелетке толмаған жәбірленушінің ата-анасына қатысты әкімшілік іс қаралып, оған айыппұл салу жазасы тағайындалды,- делінген хабарламада.

Соттың мәліметінше, жәбірленушінің анасы тағайындалған айыппұл сомасын 30%-ға қысқартылған түрде, яғни 7 АЕК (27 524 теңге) көлемінде төлеуі тиіс. Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Қызылордада оқушылар сыныптасын жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрледі деген күдікке ілінген болатын. 

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанады

Рыбакина

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті