USD
USD
USD

«Сексист» профессор жұмыстан қуылды

Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университеттің профессоры Ерлан Сүлейменов әйелдерге қатысты «сексисттік» пікірі үшін жұмыстан қуылды.

«Сексист» профессор жұмыстан қуылды
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Е.Сүлейменов әлеуметтік желіде «Ұлттық сенім кеңесінде неге әйелдер аз?» деген сауал тастаған Әсия Ермұхамбетоваға жауап берем деп басы бәлеге қалды.

Е.Сүлейменов

«Қанша орын қажет болса, сонша әйел отыр. Әйел жынысы пайда болғалы бері өзінің аяғы ауырлығын да зерттей алмаған», – деген профессор әйелдерді ұру керек екенін айтып, өзінің исламист, трайбалист, әсіреұлтшыл екенін мойындаған. Сондай-ақ жиһадты, гомофобия мен жидофобияны қолдайтынын айтқан.

Этика жөніндегі комиссия профессордың пікірін адамгершілік нормаларға қайшы деп тауып, ректордың бұйрығы бойынша Сүлейменовпен жасалған келісімшарт тоқтатылды.  

Қазір оқып жатыр

Санжар Боқаев 10 жылға сотталды

бокаев

Ақтөбеде қайтарылған активтер есебінен салынған 300 орындық арнайы балабақша ашылды

Ақтөбе

Семейде жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігіне тастаған әке өмір бойына сотталды

сотталған

Күйеуінің қолынан ажал құшқан астаналық тұрғынның анасы соттың ашық өтуін талап етті

Жазира Адауова