USD
USD
USD

Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы қандай?

 Қазгидромет 28 желтоқсанда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы қандай?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстанның басым бөлігінде Солтүстік-Батыс циклон жырасының өтуімен қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Тек Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, еліміздің оңтүстік-шығысында, солтүстігінде, батысында көктайғақ күтіледі. Қостанай облысында жел 15-20 м/с күшейеді, облыстың орталығында, оңтүстігінде жаяу бұрқасынмен соғады, облыстың солтүстігінде тұман болады. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с жел жаяу бұрқасынмен болады, көктайғақ, облыстың оңтүстік-батысында тұман болады.

Алматы облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ, Алакөл көлдері ауданында желдің жылдамдығы 18-23 м/с жетеді. Ақмола облысында жаяу бұрқасын соғады, солтүстік – батысында, оңтүстік-шығысында желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23 м/с жетеді. Павлодар облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі, облыстың батысында жел 18 м/с күшейеді. Қарағанды облысының шығысында, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Қызылорда облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының орталығында, Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Түркістан облысының таулы аумағы мен тау бөктерінде, Жамбыл облысының солтүстігі мен таулы, тау бөктерінде тұман күтіледі. Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.

Қазір оқып жатыр

«Ғалымдар жаппай қуылды» деген ақпарат шындыққа жанаса ма? Ясауи университеті жауап берді

.

2 млрд теңге табыс тапқан: Алматыда Kizdar.net сайтын құрушылар қамауға алынды

Кісен

АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық жігітке қатысты тың ақпарат айтылды

Әсет Құралбай

Samruk-Kazyna Construction еншілес компаниясын 228,8 млн теңгеге сатпақ

.