USD
USD
USD

Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы қандай?

Қазгидромет 5 қазан күнгі ауа райына болжам жасады. 

Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы қандай?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Солтүстік-батыс жотасынан келген антициклон ҚР аумағына қарай жылжи береді, бұл ауа температурасының төмендеуіне әкеледі. Алайда өтіп бара жатқан циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс аймақтарына әсерін сақтайды – жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, жел күшейеді, солтүстікте жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 20 м/с күшейеді.

Алматы облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі, күндіз оңтүстік-батысында және таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан облысында түнде және таңертең, таулы аудандарында жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді. Қызылорда облысында түнде солтүстігінде жел 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының солтүстігінде тұман, күндіз оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында түнде көктайғақ, күндіз шығысында жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар облысының солтүстігінде, батысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының солтүстік жартысында тұман күтіледі, күндіз батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Назарбаева

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

Медет Жээналиев

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Алматы жастары