USD
USD
USD

Сейсенбі күнгі ауа райы: Жел, жаңбыр, бұрқасын

  Қазгидромет 12 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Сейсенбі күнгі ауа райы: Жел, жаңбыр, бұрқасын
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сейсенбі күні антициклон республиканың батыс жартысына әсерін сақтайды, сондықтан күн ашық болады. Шығыста өңірдің біршама бөлігінде та қар, жаңбыр жаууы ықтимал. Ал еліміздің оңтүстік-батысында, солтүстігінде жел күшейеді, оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрады, солтүстігінде, шығысында, оңтүстік жартысында және орталығында тұман түсіп, солтүстігінде – көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді, облыстың солтүстігінде, батысында – көктайғақ, жаяу бұрқасын.

Түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстік-шығысында тұман түседі, көктайғақ, таңертең және күндіз солтүстігінде желдің күшеюі 15-20 м/с дейін күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының солтүстігінде және батысында тұман түседі, облыстардың шығысында және оңтүстік-шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Күндіз Қызылорда облысының орталығында, Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында, Атырау облысының оңтүстік-батысында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді, шаңды дауыл соғуы мүмкін. Жамбыл облысының шығысында және таулы аудандарында тұман күтіледі, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының солтүстігінде тұман, шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында жел 15-20 м/с күтіледі. Түнде Қостанай облысының солтүстік-шығысында тұман түседі, Павлодар облысының түнде оңтүстігінде, күндіз солтүстігінде көктайғақ болады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы